скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.06.2017 г.

ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

        Ағымдағы жылдың 16 маусымында Жол-патрульдік полициясы мен жол қозғалысы қатысушыларының тікелей байланысын төмендетудің актуалды  аспектілері: проблемалар және шешу жолдары бойынша Ақтау қаласының жол-патрульдік полициясы қызметкерлерімен семинар өтті.

        Іс-шара мақсаты- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.          Жол қатынасының қатысушыларымен байланысты жою бойынша аймақтарда қабылданып жатқан тәжірибелік шаралар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізгі ережелерін қарастыру.                                                                         

       Семинарға «Азаматтық құқық» ҮЕҰ директоры А.Байбатырова, «Туған ел» ҮЕҰ өкілі Е.Кемалладинұлы, «Жауынгерлік бауырластық»қоңамдық ұйымының басшысы М.Шәулиев және  Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Жұмабай қатысып, қатысушыларға заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптарымен қоса   сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында республикалық деңгейде  атқарылып  жатырған іс-шаралар туралы кеңінен  түсіндіріп  өтті.

        Семинарға қатысушылар тақырыпқа сәйкес өз пікірлерін айтып, өздерін толғандырған сауалдарына жауаптар алды.

         Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы