скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.06.2017 г.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ- ОРТАҚ МІНДЕТ

       Ағымдағы жылдың 15 маусымында Кешенді жоспардың «Әдебиет» жобасы аясында Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап  кітапхасында кітап өнімдерін жаппай оқу, сондай-ақ жаңа әдеби туындыларды қалыпастыру арқылы адал және риясыз еңбектің, қоғамға қызмет етудің идеясын кеңінен насихаттау мақсатында кітапхана саласының мамандарының «Азаматтық құқық»ҮЕҰ директоры А.Байбатырованың және Департамент қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

      Кітапхана қызметкерлері мемлекеттік қызметтің оң имиджін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған кітапханада тұрақты түрде жыл сайын өтетін кітаптардың көрмесіне қойылған кітаптармен таныстырып өтті.

    Іс-шара барысында департаменттің басшысынығ орынбасаыр Қ.Бәйгебаев пен сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас  маманы   Е.Жұмабай қатысушыларға заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптарымен қоса  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатырған жобалармен таныстырып, атқарылған жұмыстары туралы атап  өтті.

       Іс-шара барысында Департаменттің атына алғыс жарияланып, алғыс хатпен марапатталды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы