скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.06.2017 г.

МОБИЛЬДІК ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

        Ағымдағы жылдың 16маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша құрылған арнайы үгіттеу тобы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының «Ведмоствоаралық әлеуметтік төлемдерді есептеу орталығы» Департаментінің басшылық  құрамы мен қызметкерлерімен кездесу өткізді.
      Насихаттау тобының мақсаты – мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты кең ауқымда түсіндіріп, қоғамда сыбайлас жемқорлық атты қауіпті дертке қарсы төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.
        Мобильдік топ құрамында Департаменттің қызметкерлері, «Азаматтық құқық» ҮЕҰ директоры, «Туған ел»ҮЕҰ өкілдері бар.            
       Топ «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының «Ведмоствоаралық әлеуметтік төлемдерді есептеу орталығы» Департаментінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін  аса қауіпті дерт екенін атап өтіп, республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты қолдауға шақырды.
        Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы