скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің қызметі туралы

Маңғыстау облысы бойынша аумақтық
Департаментінің 2016 жылы 12 айда
атқарған қызметі туралы

 

Мемлекеттік қызмет блогы бойынша
2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша облыста 264 мемлекеттік орган бар (ЖАО-177, АБ-87).
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 3099, нақты қызметшілер саны – 2752 (оның ішінде 1635-әйелдер немесе 59,4%). Бос орындар саны -  347 (штаттық бірліктің 11%).
Нақты бірліктің 7-і саяси, 12-і А корпусы, қалғаны 2733 жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері.
Бүгінгі таңда жалпы штаттық бірліктің 89% қамтылған. Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы – 36,1; орташа еңбек өтілі -  11,7 жыл.
Осы кезеңде мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамаларға сәйкес 1901 бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс жарияланып аяқталған. Оның ішінде: мемлекеттік органның қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс бойынша 143 тұлға жоғары тұрған лауазымдарға, 105-і басқа лауазымдарға; ішкі конкурстың 2 кезеңі бойынша 45 тұлға жоғары тұрған лауазымдарға, 20-ы басқа лауазымдарға; жалпы конкурс бойынша 321 адам төмен тұрған лауазымдарға және 60 үміткер өзге лауазымдарға тағайындалды.
Конкурстың қорытындысы бойынша 26 лауазымға жеңімпаздар анықталмаса, 1179 (62%) лауазымға үміткерлер болмаған.
Айтып өту керек, мемлекеттік органдар конкурс кезінде жоғары тұрған лауазымдарға кандидаттарды іріктеген кезде ең алдымен өздерінің қызметшілеріне көңіл бөледі.
«А» корпусының штаттық саны - 13 адамды және нақты саны 12 адамды құрайды. 2016 жылы бұл лауазымдағы қызметшілер арасында ротация болған жоқ. Жағымсыз себептермен 2 адам жұмыстан босатылды – Маңғыстау облысының тексеру комиссиясының төрағасы мен бір мүшесі. Қазіргі таңда «А» корпусының 1 санат 2 топ 3 кіші топтың кадр резервінде – 2 мемлекеттік органдардың өкілдері тұр.
Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында барлығы 478 (жоспарланған 478 қызметшіден) қызметкер оқу курстарынан өтті. Оның ішінде: ЖАО – 230, аумақтық органдар – 248.
ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында 189 қызметші (100%), сондай-ақ 141 қызметші білім саласы бойынша ведомствалық мекемелерде, 135-і өзге мекемелерде және 8-і шетелдік мекемеде оқытылды.
Тестілеуге 2180 адам қатысып, оның ішінде   бастапқы межеден өткендер саны 668 (31%). Яғни, бұл көрсеткіш 2015 жылдың 1 жартыжылының көрсеткішімен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғарылаған (23,2%). Жеке қабілетін бағалаудан – 728 адам өтті.
Қазіргі таңда «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі 203 мемлекеттік органда енгізілген, барлығы да штаттық режимге көшіріліп жұмыс істеуде.
 
Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша.
2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша барлығы  - 3 684 313 мемлекеттік қызмет көрсетілген (оның ішінде ЖАО – 2 188 722, аумақтық органдармен – 1 495 591 қызмет көрсетілді). Қағаз түрінде – 2 478 918 (немесе 67,3%) қызмет, электронды түрде – 889 453 (24,1%) қызмет және Мемлекеттік корпорация арқылы – 315 942 (8,6%) қызмет көрсетілген.
Атап өту керек, белгіленген стандарттарға сәйкес қағаз түрінде көрсетілген қызметтің шамамен 1 203 198 қызмет (немесе 32,6%) «Мемлекеттік корпорация» немесе электронды түрде көрсетілуге болатын еді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басым көпшілігі денсаулық сақтау басқармасымен – 939 711 (жалпы санынан 25,5% мемлекеттік көрсетілетін қызмет), мемлекеттік кірістер органдарымен – 437 477 (11,9%), ішкі істер органдарымен – 811 013 (22%) көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, Департаменттің және мамандандырылған ХҚКО басшылығының келісімімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызмет алушыларға қабылдау жүргізу үшін, Департамент қызметкерлеріне ХҚКО ғимаратынан кабинет бөлінді. Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда, қабылдау жүргізу үшін жоспар-кестесі, сауалнама парақтары, өтініш бланкттері (шағымдар, өтініштер т.с.с.) жасақталады.
Сондай-ақ, 2016 жылдың 30 маусымында Департамент және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалымен 2016 жылдың 2 жартыжылдығына бірлескен Медиа-жоспар жасақталып, бекітілді.
Осы кезеңде  Департаментпен жергілікті атқарушы органдардың және ОМО аумақтық бөлімдерінің қызметіне 9 ішінара және 60 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қызмет алушылардың шағымдары бойынша 3, ал прокуратура органдарының тапсырмалары бойынша 57 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде барлығы 8031 бұзушылықтар анықталды.
Жиі орын алатын кемшіліктер мен олар бойынша статистикалық мәліметтер төмендегідей:
- мерзімдердің бұзылу деректері1047 (ең көп бұзушылықтар: Ішкі істер органдарында – 691; облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында - 77; Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде – 94; Мұнайлы аудандық және Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімдерінде – 75/40; тб.);
 - Стандартта көзделген құжаттардың толық еместігі3342 (Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі – 1130; Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі - 566; Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі - 227; т.б.);
- Стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету - 5633 (Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі – 846; Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі - 162; облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасы-129; т.б.);
Заңбұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдардың 50 лауазымды тұлғасы әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде: бөлім басшылары – 11; басшы орынбасарлары – 3; мамандар – 18; ІІБ инспекторлары – 8, басқа да лауазымды тұлғалар – 10. Сонымен бірге, айта кету керек, Ақтау қалалық білім бөлімінде тексеріспен анықталғандай, кезегі келіп тұрған, бірақ мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берілмей тұрған 75 қызмет алушылар анықталып, тексеру аяқталғанға дейін  барлығына жолдамалар берілді. Осылайша 75 қызмет алушылардың заңды құқықтары қалпына келтірілді.
Департаментпен «Мониторинг» ЫАЖ АҚ бойынша мемлекеттік органдарға тұрақты негізде мониторинг жүргізіліп отырады.
Маңғыстау облысының көліктік бақылау инспекциясымен 24, Маңғыстау облысы әкімдігіне бағынысты мемлекеттік мекемелермен 25 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері бұзылған.
Мониторинг нәтижесі бойынша, жоғарыда көрсетілген органдардың басшыларына көрсетілген бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс хаттар жолданды.
Нәтижесімен, жергілікті атқарушы органдарының 5 мемлекеттік қызметкерлері әртүрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.
Департаментпен әрдайым мемлекеттік қызмет берушілердің интернет-ресурстарына мониторинг жүргізіледі. Жыл басында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі және оның мәселелері бойынша қызметтің есебі туралы ақпараттың толық және сенімді жариялануы шеңберінде жүргізілген мониторинг нәтижесімен, мемлекеттік органдардың интернет-ресурсқа ақпарат жариялауы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде атқарылмайтындығы белгілі болды.
Мысалы, Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сайтында кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері, сондай-ақ сенім телефондары көрсетілмеген. Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының сайты мүлдем жасақталмаған. Жоғарыда жазылған кемшіліктерді жою мақсатында, Департаментпен Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының атына тиісті ұсыным хат жолданды.
Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне ішінара тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, бөлімнің сайты жасақталмағандығы, ал Мұнайлы ауданы әкімдігінің сайтында Бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі және оның мәселелері бойынша қызметінің есебі туралы толық және сенімді ақпараттың жоқтығы анықталды.
Тексеру нәтижесі бойынша, Мұнайлы ауданының әкіміне тиісті ұсынымдар жолданды.
Сондай-ақ,  қайталап мониторинг жүргізу барысында Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының интернет-ресурсы әлі күнге дейін құрылмағандығы белгілі болды.
Нәтижесімен, Департаментпен Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының атына кемшіліктерді жою мақсатында екінші рет тиісті ұсыным хат жолданды. Облыс әкімдігімен орын алған кемшіліктер жойылып, басқармалардың интернет-ресурстарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері толық орналасқан.
Сонымен қатар, Департаменттің бірнеше ұсыным хаттарына сәйкес, қазіргі таңда, облыстық ветеринария басқармасының веб-сайты құрылып, тиісті деңгейде жұмыс жасап тұр.
Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік  қызметтерді көрсету мәселелеріне қатысты ұсынылатын ақпараттың сапасы мен шынайылығын арттыру мақсатында  Маңғыстау облысының әкімі аппаратымен бірлескен іс шаралар жоспары бекітіліп жүзеге асырылады.
Өткен кезеңде Департаментпен Маңғыстау облысының мамандарылған халыққа қызмет көрсету орталығында 9 адам қабылданып тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Департаментке 17.03.2016ж. келіп түскен аз. Ш.Мудуновтың «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының қызметкерлеріне қатысты жазылған №ЖТ-М-1 арызы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне қарау үшін жолданып, нәтижесімен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының бөлім басшысы Р.В.Биждугуловаға, заңгер С.Е. Кошекбаевқа, кеңсе қызметінің басшысы Г.С. Муратаеваға және Маңғыстау облысы бойынша филиал директорының орынбасары Е.Б. Байжігітке «ескерту» түрінде тәртіптік жаза берілді.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен жүргізілген сыртқы талдау және мемлекеттік органдардың есептілігінің дұрыстығына бағалау шеңберінде жүргізілген қайта тексеру барысында 16 «жасырын» қызмет түрлері анықталып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестріне енгізу үшін Агенттікке ұсыныстар  жолданды. Оның 3 қабылданды, 1 қаралуда,2 пысықтау үшін кері қайтарылды.
Министрліктің тапсырмасы негізінде, яғни мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру арқылы қоғамдық мониторинг жүргізуді ұйымдастыру және қаражат бөлу мүмкіншілігін қарастыру бойынша келесі жұмыстар жүргізілді.
Аумақтық департамент қызметкерлерімен талдау жүргізу барысында бұл бағытқа жергілікті облыстық бюджеттен қаражат бөлінбегендігі анықталды. Алайда, Департаментпен өткізілетін іс-шараның маңыздылығы түсіндірілгеннен кейін келесі органдарда қоғамдық мониторинг өткізуге қаражаттар бөлінді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы әкімдігінде 500,0 мың теңге (жеңімпаз – ҚБ «Тельман», 6 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша), Ақтау қаласы әкімдігінде – 1,5 млн тенге (сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселесімен бірге, жеңімпаз – ҚБ «Қамқор Ақтау Жастар», 28мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша); облыстық әкімдік деңгейінде – 4 млн теңге (әлеуметтік сауалнамада 6 сұрақ қамтылған, жеңімпаз – Жастар ҚБ «Союз молодых патриотов «Казахстан-2030», Жаңаөзен қаласында – 1млн теңге (жеңімпаз –ЖМ «Қолдау Қазақстан», 5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша) және Бейнеу ауданында 200 мың теңге қарастырылды (жеңімпаз – ҚБ «Гражданская инициатива Бейнеуского района»).
Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Департаментпен а.ж. 12 айында түрлі 56 түсіндірме жұмыстары жүргізілді (семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер және т.б.).
Жалпы қамтылған халық саны – шамамен 1300 адам.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында Департаментпен мамандандырылған ХҚКО басшылықтарының келісімі негізінде, Департамент қызметкерлеріне қызмет алушыларға қабылдау жүргізу үшін кабинет бөлінді. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс жалғасуда, қабылдау жүргізу үшін кесте-жоспары, сұрау парақтары, шағым бланктері жасалады (арыз,шағым т.б.). Мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерімен түсінбеген сұрақтары немесе шағымдары бойынша жеке қабылдаулар жүргізетіндігі жөнінде қызмет алушыларды хабардар ету мақсатында ХҚКО ғимаратындағы күту залындағы арнайы экрандар мен көрнекті жерлерде хабарламалар орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлық профилактикасының блогы 2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында жалпы саны – 464 іс-шара ұйымдастырылды, олардың ішінде: семинарлар және лекциялар - 301, дөңгелек үстелдер -66, форум және конференциялар –17, интеллектуалдық конкурстар – 11, флешмобтар – 19, спорттық іс-шаралар – 32, бұқаралық акциялар – 18.
Іс шараларға мысал келтірер болсам, ағымдағы жылдың  18 және 19 мамырында облыс әкімдігінің  мәжіліс залында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кәсіпкерлер форумы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» тақырыбында конференция болып өтті
Форумға мемлекеттік органдардың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры облыстық филиалының, «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы»  акционерлік қоғамының, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары.  Форум және конференция барысында қатысушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, «Өткізіліп жатқан шаралардың сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейіне әсері» атты әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде облыстық  жастар ресурстық   орталығында құқық қорғау, жергілікті атқарушы, аумақтық мемлекеттік органдардың кадр қызметкерлерінің қатысуымен облыстық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға жалпы саны                 500-ден аса жас маман қатысып, облыстағы мемлекеттік   органдардағы бос орындар туралы мәлімет алып қана қоймай, тестілеуден өту  және  конкурстық  іріктеу тәртібімен танысты. Осындай іс-шаралар Мұнайлы, Бейнеу, Түпқараған аудандық әкімдіктерінде де ұйымдастырылды.   
23 маусым  Мемлекеттік қызметшілер күніне орай және Мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір-салтын насихаттау, сонымен бірге мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы шеңберінде аумақтық департаменттің бастамасымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Спорт-денсаулық кепілі!» атты 3-ші Ақтау қалалық спартакиадасы ұйымдастырылды.
Спорттың 8 түрінен болған жарыстарға жалпы саны 17 мемлекеттік орган және 500-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Маусым айында облыстық туризм колледжінің  ғимаратында «Transparency International Kazakhstan»  ұйымының бастамасымен және аумақтық департаменттің қолдауымен ашылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі  ашылып, бір апта бойы жұмыс жүргізді. Аталған мектептің мақсаты тыңдаушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи әдіс-тәсілдерімен, халықаралық және отандық сарапшылардың пікірлерімен таныстыру.          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі» тыңдаушыларының алдында аумақтық департаменттің қызметкерлері «Талдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау механизмдері туралы»«Қоғамда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Ашық келісімнің талаптары» тақырыптарында баяндама жасап, қатысушыларды толғандырған сұрақтарына жауап берді.  Өткізілген тренингтің жүру барысы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда және «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында кеңінен жарияланды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдардың жалпы саны – 485. Олардың ішінде республикалық БАҚ – 14 (теледидар – 10, радио – 0, газеттер-4). Аумақтық БАҚ-ғы жарияланымдар – 401 (теледидар – 154, радио – 15, газеттер - 232). Интернет-ресурстардағы жарияланымдар – 70.
Мысалы, аумақтық департаменттің қызметкерлері  облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасындағы «Ел ертеңі», «Резонанс», «Қоғам және әйел», «Общество и женщина», «Орта толсын», «Көзбе-көз» ток-шоуларына, «Жолбаян» радиосындағы «Қоғам тынысы» хабарына қатысып, жұртшылыққа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарының, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын жүйелі түрде түсіндіруде.
Бұдан басқа, аумақтық департамент тарапынан мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, Бейнеу, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандарында жұртшылыққа қолжетімді орындарда Министрлікпен бекітілген эскиздерге сәйкес, жалпы саны 43 билборд жасақталып, орналастырылды.                                                                                          Сонымен бірге, 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Қазақстан-Ақтау» телеарнасымен бірлесіп, «Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет!» атты мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытындағы бейнеролик дайындалып, телеарна арқылы жұртышылықтың назарына ұсынылды.
Бұдан басқа қыркүйектің 22-де тілдерді дамыту басқармасымен Қазақстан халықтары тілдері күніне орай, «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты патриоттар форумы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында республикалық «Тіл шебері - 2016» атты жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы байқауға белсенді қатысқандығы үшін Мәдениет және спорт Министрінің дипломына ие болған аумақтық департаменттің қызметкері облыс әкімінің Алғыс хаты  салтанатты түрде табыс етілді.
30 қыркүйекте Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Экономика және құқық факультетінің «Заңтану» және «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандықтарының студенттері арасында «Мемлекеттік қызмет – жастар таңдауы!» атты брейн-ринг ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа деген «нөлдік төзімділікті» насихаттау.
Сонымен бірге, қыркүйектің 13 мен 30 аралығында облыс көлеміндегі колледж студенттері арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты марафон-эстафета ұйымдастырылды. Марафонға жалпы саны 14 колледждің 2000-ға жуық студенттері қатысып, спорт және флеш-моб түріндегі іс-шаралары «Инстаграмм» әлеуметтік желісі арқылы колледждер арасында кезекпен беріліп отырды. Ақтөбе облысынан қабылданған бұл марафон-эстафета әлеуметтік желі арқылы Батыс Қазақстан облысының студенттеріне жолданды.    
Облыс бойынша «Адалдық алаңы» порталында тіркелген  заңды тұлғалардың  саны – 69, жеке тұлғалардың саны -  3231. 
Облыстағы  жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу бағдарламасы жалпы міндетті пәндер тізіміне қосылып, алдағы оқу жылынан бастап 522 студент оқыту процесіне қамтылады деп  жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу бағыты бойынша
Өткен кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барлығы 14 сыртқы талдау жүргізілді. 
Мысалы, Департаменттің 01.02.2016ж. бірлескен бұйрығына сәйкес «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы», «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-і  және  «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның Маңғыстау филиалы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Талдау  нәтижесінде  жер  қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Құрылған жұмыс тобымен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат жоғары тұрған Министрлікке жолданды.
Сонымен қатар, бірлескен бұйрыққа сәйкес  «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де облыс аумағындағы жолаушылар тасымалы саласы бойынша  сыртқы талдау жүргізілді.
Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелетін бірнеше заңбұзушылықтар анықталып, аталған Басқармаға оларды жою бойынша  тиісті ұсынымдар берілді.
Бұдан басқа, «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Маңғыстау бөлімшелік басқармасы» РММ және «Маңғыстау облысының экология департаменті» ММ-нің іс-әрекетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғуы мүмкін көптеген құқықты таңдап қолдану фактілері, мемлекеттік қызметшілердің дискрециялық өкілеттіліктері және «жасырын» мемлекеттік қызметтер анықталды.
         Барлық мониторинг және талдау бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары Министрлікке, мүдделі органдарға жолданды, сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қаралды, барлығы 59 ұсынымдар берілді, оның ішінде қазіргі уақытқа  41-і орындалды.
         Негізінен НҚА-ларға өзгерістер енгізу, мемлекеттік қызмет тізіліміне қызметтер енгізу, құқықты біртекті қолдану тәжірибесін қалыптастыру, персоналды басқару қызметінің тиімділігін арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қарау мерзімін азайту, мемлекеттік қызметшілердің жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен тікелей қатынасын жою жөніндегі ұсыныстар берілді.
Жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 36 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді, олардың қорытындылары Министрлікке жолданды. 2016 жылы ішінде барлығы 11 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Соның ішінде: Министрліктің тапсырмалары бойынша – (5), БАҚ басылымдары бойынша – (6).
         Мысалы, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ мен «Ақтау қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария» ММ-нің қызметтеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықты қолдану тәжірибесіне мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде құқықты таңдап қолдану және дискрециялық өкілеттіктер анықталды. Ақпарат министрлікке жолданды.
 
Мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағыты бойынша
2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы  217 (181) өтініш түскен. Оның ішінде 119-ы жеке қабылдау кезінде берілген ауызша өтініштер.
Оның ішінде мемлекеттік қызмет заңнамасымен қызмет әдебін бұзу дерегі бойынша 12 шағым және бос лауазымдарға орналасу үшін өткізілген ішкі конкурстың нәтижесіне келіспеушілік дерегі бойынша 2 өтініш түсіп, жоспардан тыс тексерулер жүргізілді барлығы 20. (2015ж. - 26).
Тексеру барысында 74 (420) заңбұзушылық деректері (10-ы тәртіптік жаза қолдану ережесін бұзу, 17-і әдеп кодексінің талаптарын бұзу, 6-ы конкурс өткізу тәртібін бұзу, 5-уі конкурс өткізусіз ауысу тәртібінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу қағидалары талаптарын бұзу, 1-уі іс-сапарландыру тәртібін бұзу, 4–уі көтермелеу тәртібін бұзу, 18-і персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) жұмысы заңмен көзделген талаптарға сәйкес келмеуі, 2-уі мүдделер қақтығысының туындауы, қалған 11-ы өзге бұзушылықтар) анықталып, мекеме басшылары атына заңбұзушылықтарды жою туралы тиісті ұсыныстар енгізілді.
Мәселен, «Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ішінара тексеру жүргізу барысында, Маңғыстау облысындағы Тәртіптік кеңесінің 08.05.2015 жылғы шешіміне сәйкес, 24.06.2015 жылғы №12-іс бұйрық негізінде Басқарма басшысының орынбасары Б.Калиевке Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағы 12) тармақшасының талабын бұзғаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілген.
Алайда, Басқарма басшысының 14.12.2016 жылғы №31 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды мерекелеуге байланысты қызметші Б.Калиевке оның тәртіптік жазасы алынбағанына қарамастан заңсыз 268 721,61 теңге көмемінде сыйақы берілген.
Бүгінгі таңда, аталған заңсыз берілген сыйақы көлемі мемлекет бюджетіне қайтарылды. 
Өтініштерді қарау барысында 14 өтініш иесінің құқықтары қорғалды, оның ішінде 8 заңсыз қабылданған бұйрықтардың (1-тәртіптік жаза қолдану, 1-жұмыстан босату, 1-«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бұзуы, 5-өзге бұзушылықтар) күші жойылды. Заңбұзушылықтарға жол берген 7(13) қызметші тәртіптік жазаға (5–ескерту, 2-сөгіс) тартылды.
Құзыреттігі шегінде қарау үшін 27(33) өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды, 2 өтініш бүркемеленген (анонимді) болуына және 4 өтініштің мазмұны баяндалмауына байланысты қараусыз қалдырылды. Қалған 21 өтініштер Департаментпен қаралып заң жүзінде түсіндірмелер берілді.
Түскен  өтініштермен бірге аумақтық департамент  қызметкерлері жергілікті интернет желілері мен баспасөз басылымдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған сыни мақалаларғада мониторинг жүргізіп отырады.
Мәселен,  наурыз  айының  басында «Лада.кз» газетінің жарнама-ақпараттық  сайтында  Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басшысы Л.Жонасовтың  мас  күйінде транспорт құралын басқарғаны жөнінде сыни мақала жарық көрді.
Осыған орай, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындысы  кеңестің кезекті мәжілісінде қаралды.
Әдеп жөніндегі  кеңестің ұсынымына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің имиджіне нұқсан келтіргені үшін   Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басшысы атқаратын қызметінен босатылды.
Жыл басынан бері БАҚ-та жарияланған сыни мақалалар бойынша 6 (20) ұсыныс жолданды. 12 айдың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің 8(14) мәжілісі өткізіліп, онда 60(143) мәселе қаралды, оның 40-ы(108) мемлекеттік қызметшілерге қатысты қозғалған тәртіптік істер.
Тәртіптік істердің 13-і(49) облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының, 10-ы(45) прокуратура органдарының, 6-ы облыстық қаржылық бақылау инспекциясының ұсыныстары негізінде, 3-і соттың жеке қаулысы негізінде, 6-ы(3) аумақтық департаменттің қызметтік тексеру нәтижесімен, 1-уі аудандық әкімдіктің ұсынысы және 1-уі облыстық әділет департаментінің жолдаған материалы негізінде қозғалған. Яғни, бұл аумақтық департаменттің басқа да мемлекеттік органдармен тығыз байланыста екенін көрсетеді. Қарау қорытындысы бойынша тәртіптік жаза қолдану жөнінде мемлекеттік органдардың басшыларына 24(64) ұсынымдар жолданды. Нәтижесінде, яғни мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшін 8(33) қызметшіге - «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілсе, қалған 16(31) қызметшіге ҚР  мемлекеттік қызметшілерінің әдеп  кодексінің  талаптарын  бұзғандары үшін 8 – «сөгіс», 2 – «қатаң сөгіс», 5 - «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» және 1 – «қызметінен босату» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Тәртіптік жазаға тартылғандардың ішінде:
Барлық 24 қызметшінің ішінде, 2-мемлекеттік мекеме басшылары, 1-қала әкімінің орынбасары, 1-ММ басшысының орынбасары, 1-аудандық әкім аппаратының басшысы, 3 село әкімдері, 12 бөлім басшысы және  4 бас маман бар.
Жазаға тартылған қызметшілердің 13-і мемлекеттік сатып алу тәртібін бұзғаны үшін, 3-і тұрғын-үй бөлу тәртібін бұзғаны үшін, 3-і әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін, 4-уі мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін бұзғаны үшін және 1 білім саласына қатысты тіркелген.
Мәжіліс қорытындысымен 16(34) тәртіптік іс тоқтатылды (қысқартылды), оның 8-і тәртіптік жаза қолдану мерзімдерінің өтіп кетуіне, 5-і қызметшілердің лауазымынан өз еркімен босатылуына, 2-і әкімшілік жазаға тартылуына және 1-і дәлелдің жеткіліксіз болуына байланысты. Хатшылық тарапынан мерзімдердің бұзылуына жол берілген жоқ.
Әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылдың 12 айында қабылдаған шешімдеріне сотқа немесе жоғары тұрған органға шағымдар  келтірілген жоқ. 
Бұдан басқа, кеңесте жұмыс жоспарына сәйкес барлығы 20 басқа да мәселелер қаралды. Оның ішінде 9 мемлекеттік орган басшыларының, 1 әдеп жөніндегі өкілдің есептері тыңдалды, 3 мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары мен 2 мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жұмыстарының қорытындылары талқыланды және 5 өзде де мәселелер қаралды.
ҚР ӘҚБтК-нің 274 бабының 1 тармағының талабында көзделген, яғни мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбағаны үшін 4 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға барлығы 328 755 тенге көлемінде айыппұл салынды (айыппұлдар толықтай бюджетке өндірілді). /өткен жылы – 4 іс конкурс бойынша, айыппұл – 356760 тенге.  Жыл басынан бері мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың басшыларының атына барлығы 48(97) ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді. Департамент басшылығымен аудан, қалаларда көшпелі қабылдаулар өткізіліп, нәтижесінде 42(61) адам жеке сұрақтарымен қабылданды. Жыл басынан бері 77(128) адам жеке қабылдауларда болып, өздерінің сұрақтарына жауаптар алды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы